Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты •

    Астанада «Отбасы апталығы»: мерейлі отбасылар марапатталды

    Астанада 7-14 қыркүйекте «Отбасы апталығы» өтуде. Шарада мерейлі отбасылар «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» номинацияларымен марапатталды.

    Астанада «Отбасы апталығы»: мерейлі отбасылар марапатталды

    Фото: Асқар Алтайұлы

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Осыған орай елордада 7-14 қыркүйек аралығында «Отбасы апталығы» ұйымдастырылуда.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Шараның ашылу салтанаты М.Жұмабаев атындағы колледжде өтті. Онда ұзақ жылдар бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген екі отбасы Республикалық аналар алқасының «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» номинацияларымен марапатталды.

    Атап айтқанда, «Алтын шаңырақ» марапаты 50 жыл бірге өмір сүріп, елге лайықты азаматтар тәрбиелеген отбасыларға, ал «Күміс кереге» 25 жыл отасқан ерлі-зайыптыларға беріледі.

    Республикалық аналар алқасы төрағасының орынбасары Баян Ахатайдың сөзінше, марапаттау рәсімінің студенттер алдында өтуі ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жастарға берік отбасының мәнін ұғындыруды көздейді.

    – Отбасы күні елімізде 2013 жылдан бері аталып келеді. Оның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау және дәріптеу. Осындай өнегелі отбасыларды жастарға үлгі ету арқылы оларды саналы некеге, жауапты отбасы құруға үндейміз. Апта бойы Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп бірнеше шара өткізу жоспарланған, – деді Баян Ахатай.

    «Отбасы апталығы» аясында елордада тәрбиелік, мәдени, әлеуметтік және қоғамдық бағыттағы бірқатар іс-шара өтеді. Оларға Аналар кеңесінің және комиссияның мүшелері, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, ата-аналар, жастар мен қала тұрғындары қатысады.

    Бастаманың негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, ата-ана жауапкершілігін арттыру, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты дәріптеу.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →