Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Қарағандыда ауладағы ағаш көліктің үстіне құлады: тұрғындар наразы • «Бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы жігіттің денесі табылды (ВИДЕО) • АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Қарағандыда ауладағы ағаш көліктің үстіне құлады: тұрғындар наразы • «Бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы жігіттің денесі табылды (ВИДЕО) • АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды •

    Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті

    Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті
    Фото: ulysmedia.kz

    Алматы облысындағы тұрғын үй кешенінің ауласында екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйек күні сағат 18:20 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

    «Балалар түрлі дене жарақаттарын алып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен 25 жастағы Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін жауапкершілікке тартты», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, әсіресе балалар жүретін тұрғын үй аумақтарында, қатаң сақтауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →