Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін

    Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба?

    Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытынды кестесі дауға байланысты алынып тасталды. Қазақстан мен Қырғызстан алтын медаль санына келісе алмай отыр.

    Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба?

    Фото: пресс-служба Минтуризма и спорта РК

    Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру комитеті бұған дейін жарияланған медальдық есептеу кестесін ресми сайттан да, әлеуметтік желілерден де алып тастады. Бұл шешім Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы алтын медальдарды санауда туындаған келіспеушілікке байланысты қабылданған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Sportarena.kz порталының мәліметінше, жарыс бағдарламасы аяқталған соң Қазақстанның туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың 74 медаль жеңіп алғанын хабарлады: 32 алтын, 20 күміс және 22 қола. Осылайша, жалпы есепте бірінші орынға шықты. Ведомство барлық жүлделер жиынтығы бойынша қайта тексеру жүргізілгенін, алайда нәтиже өзгеріссіз қалғанын – 32 «алтын» екенін атап өтті.

    Сонымен қатар, жарыс ұйымдастырушылары кестенің басқа нұсқасын ұсынды. Олардың деректерінде бірінші орында 30 алтын медальмен Қырғызстан тұр, ал Қазақстан 29 жоғары дәрежелі жүлдемен екінші орында (үшінші орында жеті алтын медальмен Ресей). Бұл жарияланым кең резонанс тудырып, оны бірнеше рет жойып, қайта жүктегеннен кейін, ақырында ойындардың ресми сайтынан да толық алып тастады.

    Кейін ұйымдастыру комитеті түпкілікті медальдық есепті жарыс секретариатының қорытынды ақпараты түскеннен кейін ғана жариялайтынын, ал оған дейін жиынтық кесте ашық қолжетімділікте болмайтынын мәлімдеді.

    Жанжал аясында Қырғызстанның спорт министрлігі ведомствоның ресми ұстанымын жариялап, командалық рейтинг жүргізілмейтінін мәлімдеді. Ведомство хабарламасында: «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұжырымдамасына сәйкес, елдер арасында ресми медальдық және жалпыкомандалық есеп жүргізілмейді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – ең алдымен, этноспорт пен дәстүрлі спорт түрлерін сақтау, дамыту және танымал ету, халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен достықты нығайтуға арналған халықаралық алаң. Ойындардың тұжырымдамасы мемлекеттердің жалпы рейтингте орын алу үшін бәсекелесуіне емес, елдерді ортақ тарихи-мәдени мұра мен этносты дамыту аясында біріктіруге негізделген», – делінген.

    Командалардың түпкілікті позициялары жарыс секретариатының деректерін ресми салыстырудан кейін анықталуы тиіс.

    Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтті. Оған үш мыңға жуық спортшы қатысты, бұл турнир тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды.

    Бұған дейін Қазақстан құрамасы Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медальдық есебінде бірінші орын алғаны хабарланған болатын. Қазақстандық спортшылар 74 жүлде – 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →