Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды • Шайдоров Гран-при сериясының Франциядағы кезеңінде оныншы орынға тұрақтады • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды • Шайдоров Гран-при сериясының Франциядағы кезеңінде оныншы орынға тұрақтады •

    Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған бірлескен цифрлық платформа іске қосылды

    Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған бірлескен цифрлық платформаны іске қосты. Бұл экспорттаушылар мен сатып алушыларға тікелей байланыс орнатып, делдалсыз мәміле жасауға мүмкіндік береді.

    Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған бірлескен цифрлық платформа іске қосылды

    Фото: primeminister.kz

    Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Қытай астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауға арналған бірлескен цифрлық платформаны іске қосты. Бұл платформа Қазақстан делегациясының Қытайда өткен 8-ші Қытай астық саудасы конференциясына қатысуы аясында жүзеге асты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Министрліктегілердің айтуынша, жаңа платформа экспорттаушылар мен сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнатуға ықпал етеді. Қазірдің өзінде 24 мың тонна зығыр жеткізу туралы келісімшарт жасалып, платформаның алғашқы нәтижесі байқалды.

    Бірлескен цифрлық платформа Қытайдың 50 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорнын біріктіретін Астық саудасының ұлттық интернет-платформасы негізінде құрылған. Енді екі елдің компаниялары сауда-саттықты интернет арқылы жүргізіп, әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орната алады, делдалдарсыз мәмілелер жасай алады.

    Министрліктегілердің сөзінше, сауда-саттық бәсекелестік негізде де, тікелей келіссөздер арқылы да жүргізіледі. Платформада ашық аукциондар, шақыру бойынша сауда-саттық, өзара келісім негізіндегі және алдын ала белгіленген бағамен жасалатын келісімдер қарастырылған. Сенімділік пен ашықтықты арттыру үшін кепілдік қамтамасыз ету, интернет арқылы есеп айырысу, тәуелсіз тексеру және дауларды шешу тетіктері де қарастырылған. Бұл экспорттық келісімдерді, соның ішінде бағаны айқындау үдерісін жеделдетіп, оны тұрақты әрі болжамды етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →