Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Ақтөбе тұрғындары жолдың шұрық-тесігін жөндеуді талап етіп отыр

    Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тұрғындары Асет Бейсеуов пен Ануарбек Жүринов көшелері қиылысындағы жолдың шұрық-тесігін жөндеуді талап етіп отыр.

    Ақтөбе тұрғындары жолдың шұрық-тесігін жөндеуді талап етіп отыр

    Сурет: Pexels / William Gevorg Urban

    Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тұрғындары Асет Бейсеуов көшесінен Ануарбек Жүринов көшесіне бұрылатын жолдың нашар жағдайына шағымдануда.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Олардың айтуынша, №1 мектепке қарама-қарсы орналасқан көшедегі жол қатты тозған, көлікпен жүру қиынға соғуда. Шұңқырлар салдарынан көліктің асты жолға тиіп қалады дейді тұрғындар.

    Жаңбырдан кейін бұл аумақта жаяу жүру де мүмкін емес. Бұған дейін мәселені ауылдық әкімдікке жеткізгенімен, нақты жауап ала алмаған. Енді олар аудан және облыс басшылығынан жолдың жай-күйіне назар аударып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →