Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады • Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады • Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды •

    Кардиолог кеуде тұсының ауырсынуының себептерін түсіндірді

    Кардиолог Андрей Кондрахин кеуде тұсының ауырсынуы жүрек ауруларынан да, психосоматикалық себептерден де болуы мүмкін екенін айтты.

    Кардиолог кеуде тұсының ауырсынуының себептерін түсіндірді

    Фото: ChatGpt арқылы жасалды

    Кеуде тұсының ауырсынуы жүрек ауруларынан да, психосоматикалық факторлардан да туындауы мүмкін. Бұл туралы дәрігер-терапевт, кардиолог Андрей Кондрахин айтты. Stan.kz агенттігі RT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Маманның айтуынша, психоэмоциялық ауырсыну кезінде электрокардиографияда ешқандай өзгеріс байқалмайды. Мұндай ауырсыну адамның уайымы артқанда күшейіп, назары басқа нәрсеге ауысқанда, демалғанда немесе стресстік фактор жойылғанда басылады.

    «Егер ауырсыну шынымен жүрекке байланысты болса, ол өте қатты болады. Адам мазасызданып, не істерін білмей қалады», – деді дәрігер.

    Мұндай жағдайда ауырсыну жүру кезінде күшейіп, дененің қалпына тәуелді болмайды. Сонымен қатар қатты терлеу мен дәрменсіздік сезімі байқалуы мүмкін. Ал электрокардиография тексеруінде жүрекке қатысты өзгерістер анықталады.

    Айта кетейік, бұған дейін кардиохирург жүрек ауруынан сақтанудың құпиясын бөліскен еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →