Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады

    Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді үкіметінің тарихи рекордымен құттықтап, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

    Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады

    Фото: akorda.kz

    Италия тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен үкіметтің басшысы Джорджа Мелониге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шын жүректен құттықтау жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президенттің айтуынша, Мелонидің парасатты әрі батыл басшылығы Италияның ұлттық мүдделері мен абыройын қорғауға бағытталған берік ұстанымы ел экономикасының тұрақты дамуына және халықаралық аренадағы беделінің артуына ықпал етті. Тоқаев Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

    «Италия Республикасының тарихындағы ең ұзақ уақыт қызмет атқарған Үкіметтің құрылуына байланысты Премьер-Министр Джорджа Мелониге шын жүректен жылы лебізімді білдіремін. Оның парасатты әрі батыл басшылығы, Италияның ұлттық мүдделері мен абыройын қорғауға деген берік ұстанымы ел экономикасының тұрақты дамуына және халықаралық аренадағы беделінің нығаюына ықпал етті. Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыруға ниеттімін. Премьер-министр Мелониге жоғары мемлекеттік қызметінде толағай табыс, ал Италия халқына одан әрі өркендеу мен ілгерілеу тілеймін», – деп жазды Президент.

    4 қыркүйекте Джорджа Мелони басқаратын Италия министрлер кабинетінің үздіксіз жұмыс істегеніне 1 413 күн толып, Сильвио Берлусконидің екінші үкіметінің қызмет ету мерзімінен асып түскені белгілі болды. Осылайша Мелони үкіметі Италияда билік басында болу мерзімі бойынша рекорд орнатты.

    Джорджа Мелони үкіметі 2022 жылғы 22 қазанда ант қабылдаған. Бұған дейінгі рекорд Сильвио Берлусконидің екінші үкіметіне тиесілі еді. Ол 2001 жылғы маусымнан 2005 жылғы сәуірге дейін, яғни 1 412 күн билік етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →