Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды

    Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген

    Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, денесін бөлшектеген. Қылмысқа әйелі де қатысқан деген күдік бар. Тергеу жалғасуда.

    Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген

    Фото: freepik

    Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін пойызбен басқа қалаға жіберген. Қылмысқа ер адамның әйелі де қатысқан деген күдік бар.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға тамыз айының басында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы Хаят Ниши 22 жастағы Маник Уддин Ласкардан жүкті болған. Әйел түсік жасатудан бас тартып, ер адамнан өзіне үйленуін талап еткен.

    Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туып, Ласкар әйелді өлтірген. Кейін ол әйелі Бхагавати Маджимен бірге мәйітті бөлшектеген.

    Тергеу дерегінше, ер адам әйелдің шашын да қырып тастаған. Мұны оның кім екенін анықтауды қиындату үшін жасаған болуы мүмкін.

    Мәйіттің бір бөлігі салынған чемодан 5 тамызда Агра-Кантонмент станциясында пойыздың жалпы вагонынан табылған. Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбалар мен ұялы телефон деректерін зерттеу арқылы күдіктілердің ізіне түскен.

    Кейін Ласкар мен оның әйелі Манипур штатында ұсталып, Гудуванчери қаласына жеткізілген.

    Тергеушілердің болжамынша, әйел жалдамалы үйінде өлтірілген. Полиция сол жерден оның денесінің басқа да бөліктерін тапқан.

    Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →