Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды

    Павлодарлық кардиохирургтер Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамға күрделі ота жасап, аяғын ампутациядан сақтап қалды. Науқас қазір оңалту курсынан өтіп жатыр.

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды

    Сурет: Istockphoto

    Павлодар облысының кардиохирургтері Екібастұз қаласының тұрғынына күрделі ота жасап, оның аяғын ампутациялаудан сақтап қалды. Науқас 30 жыл бойы темекі шеккен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    52 жастағы ер адам аяғындағы қатты ауырсыну мен ұю салдарынан 20 метр ғана жүре алатын. Тексеру кезінде оның артериялары толық бітелгені анықталды. Бұл аяққа қанның аз баруына, тіпті гангренаның дамуына себеп болған.

    Науқас өз сөзінде: «Аяғымда жара пайда болып, башпайларым көгеріп, ұйып қалатынын ескертті. Егер ешқандай шара қолданбасам, аяғымды кесуге тура келетінін айтты. Бұған аз қимылдайтыным да себеп болған шығар. Үнемі көлікпен жүремін, жұмысымды 12 сағат бойы креслода отырамын. Екібастұзда депода кезекші болып жұмыс істеймін, көп қозғала бермеймін. Жұмыста да, әсіресе түнгі ауысымда, жиі темекі шегетінмін. Бір ауысымда бір қорап темекі шегетінмін деуге болады», – деді.

    Дәрігерлердің пікірінше, аурудың негізгі себебі – темекі шегу. Аяқты сақтап қалу үшін тамыр хирургтері бес сағаттан астам уақытқа созылған аорто-жамбас-сандық бифуркациялық шунттау отасын жасады.

    Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының тамыр хирургі Несіпжан Пірімбет: «Іш қуысындағы аорта деген үлкен қан тамыры және науқастың мықын артериясы толық бітеліп қалған. Біз шунт, яғни жасанды қан тамыры арқылы төменгі аяқтарға қан өткізіп, қан айналымын қалпына келтірдік», – деп түсіндірді.

    Қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді. Ол өздігінен жүріп-тұра бастады, оңалту курсынан өтіп, ауруханадан шығуға дайындалуда. Толық айыққан соң ол жұмысына қайта оралып, салауатты өмір салтын ұстануды жоспарлап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →