Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан алынған кадр
Көшпенділер ойындарында бүркіт милиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатқан Қырчын шатқалындағы этноқалашықта күтпеген жағдай болды. Қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген милиция қызметкеріне бүркіт шабуыл жасаған.
Куәгерлердің айтуынша, жыртқыш құс құқық қорғау органының қызметкеріне тап беріп, оның жарық шағылыстыратын кеудешесін жұлып кеткен. Милиция қызметкері құстың шабуылынан өздігінен қорғануға тырысқан.
Оқиға орнына жүгіріп келген бүркітші жыртқыш құсты тоқтатып, жағдайды бақылауға алған.
Оқиға салдарынан милиция қызметкері ауыр жарақат алмады.
