Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ке түсірді

    Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ке түсірді. Бұл қатарынан үшінші төмендету. Инфляция 9,8%-ке дейін баяулады, 2026 жылға болжам өзгеріссіз.

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ке түсірді

    Сурет: Pexels / RDNE Stock project

    Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75%-тен 16,25%-ке дейін төмендетті. Бұл — қатарынан үшінші рет төмендету: маусымда ол 18%-тен 17%-ке, шілдеде 16,75%-ке дейін азайтылған еді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ұлттық банк бұл шешімді инфляция мен баға өсіміне қатысты күтулердің жақсаруымен түсіндіреді. Алайда, әрі қарай мөлшерлемені төмендету инфляцияның қайта өсу қаупіне байланысты қиындай түспек.

    Тамызда жылдық инфляция 9,8%-ке дейін баяулады. 2026 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалды — 9–11%. Ал Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2026 жылы 4,5–5,5% деңгейінде күтілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →