Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады •

    Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгереді

    Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгереді

    Фото: ЖИ арқылы жасалған

    Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорларын қызметке тағайындау тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жаңа ережеге сәйкес, мектеп директорының лауазымы босаса, аудандық немесе қалалық білім бөлімі бес жұмыс күні ішінде конкурс өткізу туралы облыстық білім басқармасына өтініш жолдауы тиіс. Конкурс аяқталғанға дейін директордың міндетін орынбасары немесе педагог алты айға дейін атқара алады. Қажет болған жағдайда бұл мерзім тағы алты айға бір рет ұзартылуы мүмкін.

    Сертификаттаудан Президенттік жастар кадр резервіне енгендер, Назарбаев Университетінің түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендия иегерлері және әлемдік QS, THE, ARWU рейтингтеріндегі үздік 100 университетті тәмамдағандар босатылады. Қалған кандидаттар нормативтік-құқықтық актілер бойынша сертификаттаудан және қазақ тілінен тестілеуден өтеді.

    Мемлекеттік тілді білу деңгейі КАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST арқылы кемінде В1 болуы қажет. Конкурста ең көп балл жинаған кандидат жеңімпаз атанады. Үміткерлер құжаттарын электронды немесе қағаз түрінде тапсыра алады. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептерге кадр резервіндегі мамандарды басым тәртіппен тағайындау қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →