Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды Дастан Сәтпаев «Бернлиде» үздік ойыншы атанды Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды Дастан Сәтпаев «Бернлиде» үздік ойыншы атанды Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

    Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

    Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

    Фото: gov.kz

    Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

    — Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.

    Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

    РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

    Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

    1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

    2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

    2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

    2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

    2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

    2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

    2022-2026 жылдары Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →