Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры •

    ҚМДБ 2027 жылғы қажылық маусымына төрт туроператорды іріктеп алды

    ҚМДБ 2027 жылғы қажылық маусымына төрт туроператорды іріктеп алды

    Фото: depositphotos.com

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыратын туроператорларды іріктеу қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Нәтижесінде қажылық сапарын ұйымдастыруға төрт туроператор лайық деп танылды. Олар: «Атлас Туризм» ЖШС, «Нұрхан Тревел» ЖШС, «Тауаф Тревел» ЖШС және «Хикмет Тревел» ЖШС. Іріктеу кезінде компаниялардың қажылық пен ұмра сапарларын ұйымдастырудағы тәжірибесі, қызмет көрсету көрсеткіштері, туркодтары мен лицензияларының жарамдылығы ескерілді.

    Сондай-ақ туроператорлардың ұйымдастырушылық мүмкіндігі мен Сауд Арабиясы тарапынан қойылатын талаптарға сәйкестігі бағаланды.

    Комиссия үміткерлерді балдық жүйе бойынша саралап, қажылық орындарын бөлді. Негізгі мақсат – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, олардың Сауд Арабиясындағы қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету.

    Іріктеуден өтпеген туроператорларға да қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Олар белгіленген тәртіппен аталған төрт компанияның бірімен субагенттік негізде жұмыс істей алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →