Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 1 қыркүйекте Астана мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

    1 қыркүйекте Астана мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланды. Солтүстікте үсік, шығыста қар, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

    1 қыркүйекте Астана мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

    Сурет: istockphoto

    Бүгін, 1 қыркүйекте, Астана мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Елдің солтүстігінде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Шығыстағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болып, соңы сулы қарға ұласуы мүмкін. Басқа өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман және шаңды дауыл күтіледі. Көптеген облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Астанада таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, жел күшейеді. Түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

    Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, жел күшейеді. Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, ал батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ түседі. Түнде және таңертең батысында тұман түседі, оңтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі.

    Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстігінде бұршақ түседі. Түнде және таңертең батысы мен орталығында тұман түседі. Павлодарда түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі.

    Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда жаңбыр соңы сулы қарға ұласатын жауын-шашын күтіледі, кей уақытта қатты жауады. Күндіз облыстың шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

    Абай облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел күшейеді. Облыстың орталығында, батысында және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаевта кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қонаевта төтенше өрт қаупі де сақталады. Іле Алатауы тауларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел күшейеді.

    Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы жерлерде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Күндіз таулы аудандарда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың орталығында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түркістан облысының батысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де төтенше өрт қаупі сақталады.

    Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

    Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

    Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда да жоғары өрт қаупі сақталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →