Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты •

    Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге апелляциялық шағым түсірді

    Шерхан Аймаханның қорғаушылары Нұрай Серікбай ісі бойынша сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Жәбірленуші тарап шағымды зерделеп жатыр.

    Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге апелляциялық шағым түсірді

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Шерхан Аймаханның адвокаттары Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкіміне апелляциялық шағым берді. Бұл туралы марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай мен жәбірленуші тараптың өкілі Аянхан Омаров хабарлады.

    Олардың айтуынша, шағымның түскені туралы хабарлама 28 тамызда «Сот кабинеті» арқылы келіпті. Сұлтан Серікбайдың пікірінше, апелляциялық саты бірінші инстанцияның шешімін өзгерте алады немесе толығымен жоя алады. Сондай-ақ, сот айыптаудың кейбір баптарын алып тастап, жаңа баптар енгізуі немесе жазаны жеңілдетуі мүмкін.

    Ал жәбірленушінің адвокаты Аянхан Омаров апелляциялық соттың істі қарау барысында қосымша сараптама тағайындай алатынын атап өтті. «Қылмыстық-процестік кодекстің 430-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, апелляциялық сот алқасы сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама жүргізуді ұйғара алады. Мұндай шешімнің қабылданатыны істі апелляциялық инстанцияда қарау кезінде белгілі болады», — деді ол.

    Қазіргі уақытта жәбірленуші тарап апелляциялық шағымды зерделеп, өз уәждерін дайындауда. Сонымен қатар, Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты сот процесінде куәлік берген Қаратау аудандық полиция басқармасының бұрынғы тергеушісі Әбілғазы Артықбайға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Бұл іс бойынша тергеу жалғасуда, ал тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →