Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда күзгі демалыс басталды: министрлік ата-аналарға үндеу жасады • СпортNUR — Қазақстан мен әлемнің басты спорт жаңалықтары • Әнші Айкерім Қалаубаева марапатқа ие болып, желіде сынға қалды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • Қазақстанда күзгі демалыс басталды: министрлік ата-аналарға үндеу жасады • СпортNUR — Қазақстан мен әлемнің басты спорт жаңалықтары • Әнші Айкерім Қалаубаева марапатқа ие болып, желіде сынға қалды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады •

    Венадағы музейден 600 бриллиантты алқа ұрланды

    Венадағы Қолданбалы өнер музейінен 4 млн доллардан асатын, 600-ден астам бриллианты бар алқа ұрланды. Күдіктілер іздестірілуде.

    Венадағы музейден 600 бриллиантты алқа ұрланды

    Сурет: ernur.kz

    Венадағы Қолданбалы өнер музейінен 4 миллион доллардан асатын бағалы алқаны екі күдікті ұрлап кетті. Ұрланған әшекейде 600-ден астам бриллиант бар, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бриллианттармен көмкерілген платина әшекейі Мысырдың бұрынғы корольдік отбасына тиесілі болған. Оқиға күндіз болған. Полицияның мәліметінше, екі ер адам көрмеге келушілер ретінде кіріп, кейін әйнек витринаны сындырып, алқаны алып кеткен.

    Ұрланған әшекей француздың әйгілі зергерлік бренді Van Cleef & Arpels тарихына арналған көрмеде қойылған. Көрме музейде қыркүйек айына дейін жалғасуы тиіс болған.

    Вена полициясы бейнебақылау камераларына түскен екі күдіктінің суретін жариялады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олардың бірінде атыс қаруы болуы мүмкін. Алқаны қолды еткен күдіктілер музейден шығып, Венаның оңтүстігіндегі қалалық саябақ бағытына қарай қашқан.

    Музейдің бас директоры Лилли Холляйн болған оқиға қызметкерлерді қатты алаңдатқанын айтты. Оның сөзінше, көрме алдында музей мен Van Cleef & Arpels компаниясы арнайы қауіпсіздік жоспарын әзірлеген.

    Қазір полиция күдіктілерді анықтап, ұрланған бағалы әшекейді табу бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →