Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Биіктен құлап кет кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Биіктен құлап кет кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады •

    Алматы тауларында болған тас көшкіні: екі бойжеткен қиын жағдайда қалды (ВИДЕО)

    Алматы тауларында болған тас көшкіні: екі бойжеткен қиын жағдайда қалды (ВИДЕО)

    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/

    Алматы тауларына серуендеп шыққан екі бойжеткен қиын жағдайда қалды. ҚР ТЖМ мәліметінше, екі қыз Терешкова шыңының 3 445 метр биіктіктегі аумағына көтерілген. Алайда тас көшкініне байланысты өздігінен төмен түсе алмаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Оқиға туралы ақпарат «109» пультіне түскен. Оларға Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары көмекке шықты. Құтқарушылар қыздармен визуалды байланыс орнатып, түнде олардың орналасқан жеріне жетті.

    Қыздарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар қауіпсіз түсуін ұйымдастырып, таңертең экологиялық бекетке дейін жеткізді. Сол жерде оларды туыстарына тапсырды.

    «ТЖМ тауға шығатын азаматтарға маршрутты алдын ала зерттеуді, ауа райын ескеруді және дайындық деңгейін объективті бағалауды ұсынады. Жаныңызда қуаты жеткілікті телефон, байланыс құралдары мен қажетті жабдық болсын. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →