Үлкен Алматы көлі маңында тау жыныстары құлады
25 тамызда Үлкен Алматы көлі маңында тау жыныстары құлады. Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Видео әлеуметтік желіде тарады.
Сурет: instagram.com/kris.p.original
25 тамыз күні Үлкен Алматы көлінің маңында тау жыныстарының құлау оқиғасы тіркелді. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Әлеуметтік желілерде Іле Алатауының шамамен 2500 метр биіктігінде, Үлкен Алматы көлінің жанында таудан тас құлаған сәт бейнеленген видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, ауа райы ашық болғанына қарамастан, тау беткейінен кенеттен тас құлап, айналаны қалың шаң басқан. Сол сәтте жақын маңдағы адамдар қауіпсіз қашықтықта болған.
Алматы қалалық ТЖД оқиғаның 25 тамыз күні шамамен сағат 14:00-де болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында видео анықталған. Бұл оқиға 25 тамызда, шамамен сағат күндізгі екіде болған. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазіргі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім жарақат алмаған.
