Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды

    Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамауда ұстау мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды. Белсенді Әлнұр Ілияшев бұл туралы Facebook-парақшасында хабарлады.

    Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды

    Фото: әлеуметтік желі

    Белсенді Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамауда ұстау мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл туралы белсенді Әлнұр Ілияшев Facebook-парақшасында мәлімдеді.

    Санжар Боқаев 18 наурызда ұсталған еді. Осылайша, ол алты айға жуық уақыт бойы қамауда отыр.

    Бас прокуратураның мәліметінше, Боқаев аз қамтылған адамдарға ақша беріп, ағаш кестіруге және ұрлық жасауға тапсырыс берген деген күдікке ілінген. Сонымен қатар, ол аса ірі мөлшерде қаражатты алаяқтық жолмен иемденген, жалған ақпарат таратқан және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялаған деп айыпталған.

    Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →