Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада құлаған үй астында қалған фельдшердің әріптесі сотта куәлік берді

    Астанадағы сотта фельдшер Ділназ Байзақова құлаған үйдегі апат кезінде әріптесі Ұлдана Мырзуанның қазасы туралы куәлік берді.

    Астанада құлаған үй астында қалған фельдшердің әріптесі сотта куәлік берді

    Сурет: turkystan.kz

    Бүгін Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста апат болған күні зардап шеккендерге көмектесуге барған екінші фельдшер Ділназ Байзақова жауап берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ділназ Байзақованың айтуынша, сол күні ол Ұлдана екеуі алғаш рет бірге шақыртуға шыққан. Ол кезде Ұлдана аға фельдшер, ал өзі көмекші болған. Бұған дейін ол басқа бригадада жұмыс істеген, ал сол күні еңбек демалысынан кейінгі алғашқы жұмыс күні болған.

    Шұғыл шақырту бойынша олар қабырғасы құлаған үйге барған. Ол жерде бір әйел отырған, ал бір ер адам мен бір әйел үйінді астында жатқан. Екеуі бірден көмектесе бастаған. Жатқан ер мен әйелді көтермек болған кезде олардың үстіне қоқыс құлаған. Ділназға кірпіш сияқты ауыр нәрсе тиіп, ол құлаған. Тұрып қарағанда, Ұлдананың беті жерге қарап жатқанын көрген.

    Ділназ Ұлдананы көтеріп, оның есінен танып, мұрны мен құлағынан қатты қан кетіп жатқанын байқаған. Ол айғайлап, көмек сұраған. Сол кезде оқиға орнында жедел жәрдемнің екінші бригадасы болған, олар Ұлдананы дереу ауруханаға жеткізген. Құтқарушылар кейінірек келген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →