Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атырауда қауіпсіздік талаптарына сай емес массажерлер сатылған

    Атырауда тұрғынның шағымы бойынша жеке кәсіпкер қауіпсіздік талаптарына сай емес массажерлер сатқаны үшін айыппұл төледі.

    Атырауда қауіпсіздік талаптарына сай емес массажерлер сатылған

    Сурет: turkystan.kz

    Атырау қаласының тұрғыны қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін аяқ пен арқаға арналған электр массажерлерін сатып алу фактісі бойынша «AMANAT GROUP» жеке кәсіпкеріне шағымданған. Бұл туралы turkystan.kz сайты хабарлайды.

    Шағым негізінде Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің мамандары жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, электр техникасын сату кезінде заң бұзушылықтарды анықтаған.

    Тексеру барысында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің сатылғаны белгілі болды. Атап айтқанда, өнімде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбалау мен пайдалану құжаттары болмаған, сондай-ақ өнімнің ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» және ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» техникалық регламенттеріне сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған.

    Анықталған бұзушылықтар үшін кәсіпкер 843 375 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, талаптарға сай келмейтін өнімді сатуға тыйым салу туралы нұсқама берілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →