Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады Тоқаев: Конституцияда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясында ұстаздарды құттықтады Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 5 тәулікке қамалды Президент Жарлығы: Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады Тоқаев: Конституцияда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясында ұстаздарды құттықтады Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 5 тәулікке қамалды Президент Жарлығы: Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

    Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 5 тәулікке қамалды

    Орал тұрғыны Асхат Құмаров әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан видеосы тарағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды. Полиция интернеттегі құқық бұзушылықтарға мониторинг жүргізетінін ескертеді.

    Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 5 тәулікке қамалды

    Фото: Видеодан скрин

    Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны Асхат Құмаров әлеуметтік желіде тараған бейнежазбасында балағат сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында өзге азаматтарға қатысты әдепсіз сөздер айтылған бейнежазбаны анықтаған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде бейнежазбаның авторы — Орал қаласының тұрғыны Асхат Құмаров екені анықталды.

    Полиция департаментінің хабарлауынша, сот құқық бұзушыны 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алған. Тәртіп сақшылары интернет-кеңістігінде құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілетінін, заң талаптарын бұзғандардың міндетті түрде жауапқа тартылатынын ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →