Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Жұмыс созылып кетті»: Бектенов Digital Qazaqstan жоспарын бір аптада аяқтауды тапсырды

    «Жұмыс созылып кетті»: Бектенов Digital Qazaqstan жоспарын бір аптада аяқтауды тапсырды

    Фото: Үкімет

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысының барысында Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын келісу жұмысын дереу аяқтауды тапсырды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    «Digital Qazaqstan стратегиясы қабылданды. Бірақ оны іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын келісу жұмысы созылып кетті. Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жұмысты дереу аяқтап, бір апта ішінде Үкіметке тиісті қаулы жобасын енгізуді тапсырамын»,

    — деп атап өтті Олжас Бектенов. Аталған мәселелер бойынша бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрландыру министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →