Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды Педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді? Жалған дабыл мен шынайы дерт: қазақстандықтардың дерегі неге тәтті олжаға айналды? Дастан Сәтпаев жаңа клубтағы алғашқы матчын өткізді Елена Рыбакина WTA рейтингінде көшбасшылығын сақтап қалды Президент қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды Педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді? Жалған дабыл мен шынайы дерт: қазақстандықтардың дерегі неге тәтті олжаға айналды? Дастан Сәтпаев жаңа клубтағы алғашқы матчын өткізді Елена Рыбакина WTA рейтингінде көшбасшылығын сақтап қалды

    Президент қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады

    Президент қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола – барлығы 11 медаль жеңіп алып, отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.

    Кеше кешкісін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен сөйлесті. Ұйым жетекшісі Мемлекет басшысын балуандарымыздың әлемдік жастар турниріндегі бұрын-соңды болмаған бірегей жеңісімен құттықтады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ ұлттық федерациямен сындарлы ынтымақтастық орнатқаны үшін халықаралық ұйымның басшысына ризашылығын білдіріп, соның нәтижесінде елімізде дзюдо күресі кеңінен дамып келе жатқанына тоқталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →