Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ •

    Қазақстанда қысқа жемшөп дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр

    Қазақстан облыстарында жемшөп дайындау науқаны жалғасуда. Өндірушілер жоспардың 67%-ын орындап, 27,9 млн тонна жемшөп жинады.

    Қазақстанда қысқа жемшөп дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр

    Сурет: egemen.kz

    Қазақстан өңірлерінде қысқы мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің жедел ақпаратына сүйенсек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жоспарланған көлемнің 67 пайызын құрайтын 27,9 миллион тонна жемшөп жинап үлгерді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Атап айтқанда, 22,8 миллион тонна шөп (жоспардың 89 пайызы), 2,1 миллион тонна пішендеме (90 пайыз), 1 миллион тонна құрама жем, 446,2 мың тонна сүрлем және 1,5 миллион тонна сабан дайындалды.

    Қысқы мал қыстату кезеңін тұрақты өткізу және сақтандыру қорын қалыптастыру үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамы 201,3 мың тонна астық көлемінде жемшөп қорын жасақтады. Қажет болған жағдайда бұл резерв ауыл шаруашылығы өндірушілерін жемшөп ресурстарымен қамтамасыз етуге жұмсалады.

    Науқан еліміздің барлық аймақтарында белсенді түрде жүріп жатыр.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жемшөп дайындау науқанының барысын бақылауда. Жүргізіліп жатқан мониторинг пен резервтерді уақтылы қалыптастыру мал шаруашылығы қожалықтарын қажетті азықпен қамтамасыз етуге және алдағы қысқы кезеңді тиімді өткізуге бағытталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →