Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты •

    Қазақстанда үй жануарларын есепке алудың TAÑBA жүйесі жұмыс істейді

    Қазақстанда TAÑBA жүйесінде 400 мыңға жуық үй жануары тіркелген. Ең танымал аттар анықталды: иттер арасында Ақтөс, мысықтар арасында Мурка.

    Қазақстанда үй жануарларын есепке алудың TAÑBA жүйесі жұмыс істейді

    Сурет: egemen.kz

    Қазақстанда үй жануарларын тіркеуге арналған TAÑBA бірыңғай ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілген. Бұл цифрлық платформада жануар мен оның иесі туралы негізгі деректермен қатар, вакцинация, стерилизация және өзге де ветеринариялық шаралар бойынша мәліметтер сақталады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жануар жүйеге тіркелген сәтте оған электрондық паспорт рәсімделеді. Құжатта үй жануарының аты, тұқымы, жынысы, туған күні, сәйкестендіру нөмірі және иесі туралы ақпарат көрсетіледі. Кейін оның цифрлық профиліне жасалған ветеринариялық рәсімдер бойынша деректер енгізіледі.

    Қазіргі уақытта TAÑBA жүйесінде 400 мыңға жуық үй жануары тіркелген. Оның ішінде 291 761 ит және 107 414 мысық бар. Тізілім деректері Қазақстандағы үй жануарларына ең жиі қойылатын аттарды да анықтауға мүмкіндік берді. Дерекқорда тіркелген иттер арасында ең танымал аттар: Ақтөс – 8 863; Шарик – 6 027; Рекс – 5 409; сонымен қатар Арлан, Мойнақ, Алапар, Барсик және Барбос аттары жиі кездеседі.

    Мысықтар арасында бірінші орында Мурка есімі тұр. Бұл ат 2 236 мысыққа қойылған. Одан кейін Муся – 1 529, Барсик – 1 491, Мурзик – 842 есімдері орналасқан.

    TAÑBA жүйесінде иттер мен мысықтардан бөлек, сирек кездесетін үй жануарлары да тіркелген. Тізілімде сегіз үй қояны, төрт күзен, сондай-ақ бір-бірден тасбақа, сәндік егеуқұйрық, шағын тұқымды шошқа, атжалман және капибара бар. Олардың арасында ерекше есімдер де кездеседі. Мысалы, тасбақаға Айша, атжалманға Томпи, шағын тұқымды шошқаға Библик, сәндік егеуқұйрыққа Финик, ал капибараға Борис деген ат қойылған.

    Бірыңғай цифрлық жүйе үй жануарларын жедел сәйкестендіруге, олардың иелері туралы мәліметтерді сақтауға және ветеринариялық рәсімдер жөніндегі ақпаратты бір дерекқорда жүргізуге мүмкіндік береді.

    Еске сала кетейік, 3 тамызда Ресейден әкелінген «Үміт» атты Амур жолбарысы табиғатқа жіберілді. Қазір мамандар оның қозғалысын күн сайын қадағалап, табиғи ортаға бейімделу барысын зерттеуді жалғастырып келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →