Дастан Сәтпаев «Бёрнлидегі» алғашқы күндері туралы айтты
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Бёрнлидегі» алғашқы күндері, командадағы қарым-қатынас пен жалға ауысу шарттары туралы айтты.
Сурет: turkystan.kz
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Бёрнли» клубындағы алғашқы күндері мен жаңа командадағы қарым-қатынас жайында әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Сәтпаевтің айтуынша, жаңа ортаға бейімделу оңай болған. «Мұндағы жігіттер өте ашық әрі мейірімді. Олар үнемі жағдайымды сұрап, кез келген сәтте көмектесуге дайын. Сондықтан осы клубтың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын», – деді футболшы.
Ол командадағы өзара көмек пен қолдау ерекше екенін атап өтті. «Біз бір-бірімізге үнемі көмектесеміз. Біреуге қолдау қажет болса, мен де, олар да әрқашан дайын. Қателіктерімді түзетуге кеңес беріп, дамуыма септігін тигізеді», – деді Сәтпаев.
Еске салайық, 14 тамызда Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бёрнлиге» жалға берілген болатын. Келісім 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін жарамды, онда футболшыны кейін сатып алу құқығы қарастырылмаған. Чемпионшипте өнер көрсететін «Бёрнли» бұл ауысым үшін лондондық клубқа 350 мың еуро төлейді.
Бұл ауысым Сәтпаевтың 18 жасқа толған күні «Челсимен» 2033 жылға дейінгі ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойғанынан екі күн өткен соң жүзеге асты.
