Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды •

    Перудегі ұшақ апаты: 13 адам қаза тапты

    Перуде туристер мінген шағын ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Оқиға Наска сызықтары маңында болды.

    Перудегі ұшақ апаты: 13 адам қаза тапты

    Сурет: madeniportal.kz

    Перуде туристер мінген шағын ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 13 адамның барлығы қаза тапты. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі әйгілі Наска сызықтары маңында болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мәлімет бойынша, Cessna Caravan C-208 ұшағы Писко қаласындағы әуежайдан көтерілген. Әуе кемесінің бортында туристер мен экипаж мүшелері болған.

    Ұшақ Наска әуежайына қарай бағыт алған. Шамамен сағат 13:00-де экипаж әуе қозғалысын басқару мұнарасына төтенше жағдай туралы хабарлаған. Осыдан кейін әуе кемесімен байланыс үзілген.

    Кейін ұшақтың жерге құлағаны анықталды. Құтқару қызметтері апат орнына жетіп, борттағы адамдардың ешқайсысы тірі қалмағанын хабарлады. Барлығы 13 адам көз жұмды.

    Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиға бойынша тергеу басталып, мамандар ұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болғанын анықтап жатыр.

    Наска сызықтары — Перудің ең танымал туристік орындарының бірі. Туристер бұл ежелгі алып геоглифтерді әуеден тамашалау үшін арнайы шағын ұшақтармен ұшады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →