Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 21 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді «Қоқысқа көміліп, үйлері тозған»: Атырау тұрғыны аудан әкімінің жұмысын сынға алды Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады 8 жасар қазақ қызы Қытайда үш медаль жеңіп алды Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта күтпеген шешім шықты Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді «Қоқысқа көміліп, үйлері тозған»: Атырау тұрғыны аудан әкімінің жұмысын сынға алды Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады 8 жасар қазақ қызы Қытайда үш медаль жеңіп алды Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта күтпеген шешім шықты

    Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды

    Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Қытайдағы Zhong Ling Cup турнирінде үш медаль жеңіп алды: алтын және екі күміс.

    Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды

    Сурет: egemen.kz

    Астаналық сегіз жасар гимнаст Медина Есенбек Қытайдың Гуандун провинциясындағы Хуэйчжоу қаласында өткен Zhong Ling Cup халықаралық турнирінде үш жүлдені иеленді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жарысқа Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Филиппин, Малайзия және басқа да елдердің спортшылары қатысты. Қазақстан намысын тоғыз гимнаст қорғады.

    «Әлем Академиясының» тәрбиеленушісі Медина Есенбек шығыршықпен жаттығуда алтын медаль, ал құралсыз жаттығу мен көпсайыста екі күміс жүлдеге қол жеткізді.

    Кішкентай спортшы кілемге қазақы ою-өрнекпен безендірілген киіммен шығып, қазақ музыкасының әуенімен өнер көрсетті.

    Бұл турнир бүлдіршін үшін тек спорттық табыс қана емес, сонымен қатар Қазақстанды халықаралық деңгейде лайықты танытудың үлкен мүмкіндігі болды.

    Айта кетейік, жақында гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем чемпионатында жалпы есепте алтыншы орын алған еді. Бұған дейін ол Францияның Тье қаласында өткен халықаралық Гран-при турнирінде қола жүлдені жеңіп алған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →