Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады Сеутаға мигранттар ағыны қаупі: Испания шекарада әскери күштерін күшейтті Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды Нұрай Серікбай ісі: ағасы сот процесі әлі жалғасатынын айтты Француз футболшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздады Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады Сеутаға мигранттар ағыны қаупі: Испания шекарада әскери күштерін күшейтті Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды Нұрай Серікбай ісі: ағасы сот процесі әлі жалғасатынын айтты Француз футболшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздады

    Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады

    Әр жұлдыз белгісінің махаббат тілі қандай? Серіктесіңізді қалай түсінуге болады? Толық астрологиялық нұсқаулық.

    Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады

    Сурет: ernur.kz

    Әр адамның махаббат тілі әртүрлі: біреу үшін бірге уақыт өткізу маңызды, енді бірі күтпеген сыйлыққа қуанады, ал кейбіреулер адалдықты немесе өз пікірінің құрметтелуін қалайды. Психологтар мұны мінез ерекшеліктерімен байланыстырса, астрология жақтастары жұлдыз белгілерінің әсерін де ескертеді. Әрине, қарым-қатынас беріктігі тек жұлдыз жорамалына байланысты емес, дегенмен астрологиялық сипаттамалар серіктесіңіздің қажеттіліктерін түсінуге көмектесе алады. Ұзақ әрі бақытты қарым-қатынастың басты құпиясы – серіктесіңізді тыңдап, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысу, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Төменде әр жұлдыз белгісімен тіл табысудың бейресми «алтын ережелері» берілген.

    Тоқты – тосынсый жасауды ұмытпаңыз. Олар жаңашылдықты жақсы көреді, сондықтан күтпеген кездесу, шағын сыйлық немесе ерекше кеш олардың көңілін көтеріп, қарым-қатынасқа жаңа леп береді.

    Торпақ – шағын қуаныштарды бағалайды. Қымбат сыйлықтың қажеті жоқ, дәмді кешкі ас, сүйікті гүл немесе жылы сөз олар үшін үлкен қуанышқа айналады.

    Егіздер – қызықты әңгімелесуші болыңыз. Олармен рухани жақындық маңызды, сондықтан жаңа тақырыптарды талқылап, әзілдесіп, өмірге бір көзқараспен қарай білсеңіз, байланыс нығаяды.

    Шаян – көңіл бөлуді қажет етеді. Отбасы мен жақындары бірінші орында, сондықтан серіктесінің уақыт бөліп, шынайы қамқорлық көрсетуі – ең үлкен сыйлық.

    Арыстан – бір толқында болуға тырысыңыз. Олар өзін түсінетін және қолдайтын серіктесті бағалайды, бірге күлу, ортақ мақсат құру және бір-бірінің жетістігіне қуану маңызды.

    Бикеш – қызғанышқа себеп бермеңіз. Олар сенімді қарым-қатынасты қалайды, сондықтан басқалармен орынсыз қалжың немесе жеңіл флирт олардың көңіліне күдік ұялатуы мүмкін.

    Таразы – адалдықты іспен дәлелдеп жүріңіз. Олар үйлесімді қарым-қатынасты жақсы көреді, сондықтан серіктесінің өзгелермен шектен тыс жақын араласуы сенімге сызат түсіруі мүмкін.

    Сарышаян – оның көзқарасын жоққа шығармаңыз. Олар өз пікірін оңай өзгертпейді, сондықтан өз ойын ашық айтуға мүмкіндік беру және оны сыйлай білу маңызды.

    Мерген – бірге көбірек уақыт өткізіңіз. Олар қызықты әңгіме мен ортақ әсерлерді жақсы көреді, сондықтан бірге саяхаттау, серуендеу немесе жаңа істермен айналысу қарым-қатынасты нығайтады.

    Тауешкі – пікіріне құрмет көрсетіңіз. Олар өз еңбегі мен тәжірибесін бағалайды, сондықтан келіспеу қалыпты жағдай, бірақ ойын тыңдау және шешімін құрметтеу маңызды.

    Суқұйғыш – сенімге селкеу түсірмеңіз. Олар еркіндікті жақсы көргенімен, сатқындықты кешіруі қиын, сондықтан адалдық пен сенімге негізделген қарым-қатынас қажет.

    Балықтар – адалдықты бәрінен жоғары қояды. Олар өте сезімтал әрі романтик, сондықтан сенім – қарым-қатынастың негізі. Серіктесі әрдайым шынайы болып, уәдесінде тұрса, Балықтар өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →