Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды •

    Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті

    Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті

    Фото: Pixabay

    Қостанай облысында отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Тобыл өзенінде ер адам мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы Tobolinfo-ға сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған. Өңірлік ТЖД мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су жағасына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен.

    «Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Олардың бірі өздігінен жағаға шығып үлгерді. Екінші қыз суда қалып қойды. Әкесі жүзе алмайтынына қарамастан, қызын құтқаруға ұмтылған. Салдарынан екеуі де суға батып кетті», — делінген хабарламада.

    Ағыс ер адам мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамызда кешке қарай тапты. Ал ер адамның денесі келесі күні табылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →