Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді •

    Түркістанда алаяқтар медицина ұйымының басшысынан 15 млн теңге бопсалады

    Түркістанда алаяқтар медицина ұйымының басшысынан 15 млн теңге бопсалады

    Фото: depositphotos.com

    Түркістан облысында медицина мектемесі басшысынан ақша талап еткен екі алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Екі адам өздерін Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері ретінде таныстырып, заң бұзушылықтар анықтадық деп, медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге көлемінде ақша талап еткен. 5 млн теңгені алғаннан кейін алаяқтар қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.

    8 тамызда оларды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады.

    Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚМА ескертеді: жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып немесе жазадан құтылуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақша талап ету — заңсыз әрекет.

    Мұндай деректер туралы ҚМА Call-орталығына 1458 нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →