Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуын атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысы жеделхатында Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін, сондай-ақ оның үлкен экономикалық жетістіктерге жеткенін және зор ғылыми-техникалық әлеуетке ие болғанын атап өтті.

    Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, түрлі салаларда өзара ықпалдастықты тереңдетуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

    Президент Нарендра Модиге жауапты қызметінде табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →