Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кристина Овчинникова Нагоядағы жеңіл атлетика жарысында күміс жүлде алды • Доллар бағамы 440 теңгеден де төмен түсті • БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • Кристина Овчинникова Нагоядағы жеңіл атлетика жарысында күміс жүлде алды • Доллар бағамы 440 теңгеден де төмен түсті • БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды •

    Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды

    Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды

    Жеке мұрағатынан Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды. Ересектер арасындағы әлем чемпионатында тұңғыш рет бақ сынаған қазақстандық Ақмарал Ерекешева іріктеуден сәтті өтіп, үш бірдей финалға жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жекелей көпсайыста гимнастардың ең үздік үш нәтижесі есепке алынып, Ерекешева 84,200 ұпай жинады және сегізінші орынмен финалға шықты. Бұл шешуші сатыға барлығы 18 спортшы өткен болатын. Сондай-ақ отандасымыз жекелеген жаттығу түрлері бойынша да медальдар үшін таласады. Атап айтқанда, шыбықпен (булавы) жаттығуда 29,000 ұпай жинап төртінші нәтиже көрсетсе, таспамен (лента) жаттығуда да 28,350 ұпай жинап төртінші орынға тұрақтады. Әр жеке түрі бойынша финалға үздік шыққан 8 спортшы ғана өтті.

    Ал Қазақстанның екінші өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңінен өте алмай, көпсайыста 24-ші орынды иеленді. Жеке түрлерде ол шырғамен 10-орын, доппен 33-орын, шыбықпен 15-орын және таспамен 32-орынға тұрақтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →