Заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді
Заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты іс қозғалғанын хабарлады. Оның айтуынша, іс тілге байланысты жұмыстары үшін қозғалған.
Белгілі заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты іс қозғалғанын хабарлады. Бұл туралы ол 12 тамыз күні өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
Заңгердің айтуынша, іс тілге байланысты жұмыстары үшін қозғалған. «Мен ешқандай заң бұзған жоқпын, тілім үшін аяғында дейін тұрамын», — деді Шекеев.
Мейірман Шекеев — қоғамдық резонансқа ие бірқатар істе жәбірленуші тарапты қорғаған заңгер. Ол Талғарда қаза тапқан Шерзат Полат ісінде марқұмның отбасының мүддесін қорғады, кейін сотталғандардың кассациялық шағымы туралы да ол хабарлаған болатын. Сондай-ақ ол Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апаты ісінде жәбірленуші тараптың өкілі ретінде жұмыс істеді.
Бұған дейін, 2025 жылдың шілдесінде, Шекеев Шерзат ісіне байланысты өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтқан еді. Ресми органдар тарапынан бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме әзірге берілген жоқ.
