Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды •

    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды

    Астана маңындағы су қоймасында SUP-бордпен серуендеуге шыққан екі ер адам желге ұшып, төрт шақырымға ұзап кеткен. Олар қамыс арасында ұйықтап жатқан күйінде табылып, құтқарушылар әкімшілік жауапқа тартты.

    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды

    Сурет: turkystan.kz

    Астана маңындағы су қоймасында SUP-бордпен серуендеуге шыққан 24 пен 25 жастағы екі жігіт желдің күшеюіне байланысты жағалаудан төрт шақырымға ұзап кеткен. Оларды іздеуге шыққан құтқарушылар ер адамдарды қамыс арасында ұйықтап жатқан күйінде тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әйелдерінің құтқарушыларға хабарласуымен оқиға орнына төтеншеліктер дереу жеткен. Іздеу жұмыстары шамамен төрт сағатқа созылған. Адасқандар әбден шаршап, қамыс арасына кіріп ұйықтап қалғандықтан, құтқарушылардың дауысын да естімеген. Олар түнгі сағат бірде табылған.

    Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаевтың айтуынша, екі ер адамды құтқару үшін Ақмола облысы мен Астана қаласынан 25 құтқарушы мен үш жүзу құралы жұмылдырылған. Қатты жел мен толқынға қарамастан, іздеу сәтті аяқталған. Дегенмен, жігіттер су айдындарындағы қауіпсіздік ережесін бұзғаны, атап айтқанда, түнгі уақытта суға түскені үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →