Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады

    Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

    Көкшетау-Зеренді тасжолында Mini Cooper мен Audi соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алды. Жүргізуші ұсталып, тергеу басталды.

    Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

    Сурет: egemen.kz

    Көкшетау мен Зеренді арасындағы тасжолда Mini Cooper және Audi маркалы екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Полицияның алдын ала мәліметінше, Mini Cooper көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Audi көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал Mini Cooper көлігіндегі тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

    Mini Cooper жүргізушісі ұсталды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.

    Жол апаты туристердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында қайта жаңғыртылып жатқан тасжол учаскесінде болған. Жоба аясында жолды кеңейтіп, үш жолақты реверсивті қозғалыс енгізу жоспарланған. Алайда жұмыстар әлі аяқталмаған. Қазір жолдың басым бөлігінде жолақ белгілері жоқ.

    Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →