Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды

    Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды

    Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды. Қоқыс қызметкерлері билетті іздеп тауып берді.

    Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды

    Сурет: turkystan.kz

    Италияда бір әйел қоқысқа тастап жіберген лотерея билетінен бір миллион еуро, яғни шамамен 537 миллион теңге ұтып алды. Құнды билетті қоқыс жинау қызметкерлері іздеп тауып берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Stan.kz мәліметінше, оқиға Битонто қаласында болған. Әйел лотереяға үнемі өзіне жақын адаммен байланысты сандарды таңдап қатысып жүрген.

    Кезекті ұтыс ойынынан кейін ол билетін дүкендегі арнайы құрылғымен тексерген. Құрылғыда «төлем жасалмайды» деген белгі шыққан соң, әйел ұтыс жоқ деп ойлап, билетті қоқысқа тастап кеткен.

    Алайда үйіне оралғаннан кейін таңдаған сандарының шын мәнінде жеңіске жеткенін білген. Кейін анықталғандай, аппарат билеттің жарамсыз екенін емес, ұтыс сомасының тым үлкен болғандықтан дүкенде бірден төленбейтінін көрсеткен.

    Әйел дереу дүкенге қайта барғанымен, қоқыс жәшігі бос болып шыққан. Қоқыс көлігі жәшіктегі қалдықтарды алып кеткен еді.

    Осыдан кейін ол қаладағы қоқыс шығару қызметіне хабарласып, билетті тауып беруді сұраған. Мекеме іздеу шығынын өзі өтеген жағдайда көмектесуге келіскен.

    Қызметкерлер билеттің қай көлікке тиелгенін анықтап, қоқыс үйінділерін қолмен сұрыптауға кіріскен.

    Іздеу бір тәуліктен астам уақытқа созылған. Ақыры миллион еуро ұтыс шыққан билет қоқыс арасынан бүлінбеген күйінде табылды.

    Билеттің табылғанын естіген әйел қуаныштан көзіне жас алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →