Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды • «Аурумен төрт жыл күрескен»: танымал тележүргізуші қайтыс болды • «Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды • «Аурумен төрт жыл күрескен»: танымал тележүргізуші қайтыс болды • «Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  •

    Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамды біріктіру мәселелерін талқылады

    16 маусымда Түркістан қаласындаҰлттық құрылтайдың алдағы отырысы аясында «Қоғамдық консолидация»жұмыс секциясының отырысы өтті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева модератор болды.

    Сессия аясында белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, өңірлерден келген қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары, сарапшылар: Бану Нұрғазиева, Азат Перуашев, Уайс Ерсайынұлы, Бәйділдә Жылқышиев, Нұртай Сабильянов, Ахмет Мұрадов, Айгүл Орынбек, Талғат Қалиев, Тәттігүл Талаева және басқалар сөз сөйледі.

    Талқылау барысында Ұлттық құрылтай мүшелері азаматтық қоғамды дамыту және этносаралық бірлікті нығайту, қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңнамалық реттеу, ұлттық идеологиялық күн тәртібін қалыптастыру ерекшеліктері, өңірлердегі қоғамдық кеңестердің рөлі мәселелерін талқылады.

    Жеке талқылау блогы халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру тақырыбына арналды. Сарапшылар нотариустарды, адвокаттарды, полиция қызметкерлерін, прокуратура мен сот орындаушыларын тарта отырып, азаматтар үшін қоғамдық консультациялар ұйымдастыру тәжірибесін жаңартуды ұсынды.

    Сонымен қатар, Ұлттық құрылтай мүшелері отандық БАҚ пен медиа контентті дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ олардың қоғамдық шоғырландыруды нығайту құндылықтарын ілгерілетудегі рөлі туралы пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.

    Талқылау қорытындысы бойынша Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын іске асыру жөніндегі арнайы іс- шаралар жоспарын әзірлеуге қатысты шешім қабылданды.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →