Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды • «Аурумен төрт жыл күрескен»: танымал тележүргізуші қайтыс болды • «Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты • Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды • «Аурумен төрт жыл күрескен»: танымал тележүргізуші қайтыс болды • «Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты •

    Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы

    Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы
    Фото: ҰОК

    Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен қолғап түйістірді.

    Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің барлығы жеңісті Төреханға берді. Екінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Бұған қоса, иорданиялық спортшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Төрехан Сабырхан басымдығын сақтап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    Бұл – Қазақстан құрамасының бокс додасындағы алғашқы алтын медалі.

    Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Төрехан Сабырхан 2026 жылдың сәуірінде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалындағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Сол кезде де ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші кездесуінде Зеяд Ишаишпен кездесіп, қарсыласына есе жіберген еді. Нәтижесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →