Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады • Азия ойындары: Рита Бакишева виртуалды таеквондодан ширек финалға шықты • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады • Азия ойындары: Рита Бакишева виртуалды таеквондодан ширек финалға шықты • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды •

    Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты

    Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты

    IT-қызметтер экспорты көлемінің 1 млрд доллардан асуы, Alem.Cloud және AL Farabium суперкомпьютерлік кластерлері, Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының болуы, кәсіпорындарға жасанды интеллектіні енгізу роботтандыруға мықты негіз қалыптастырады.

    Бұл жайында Олжас Бектенов Минск қаласында өтіп жатқан «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіп көрмесінде айтты. Президент айқындаған Қуатты әрі Озық Қазақстанды құру бағыты аясында ел экономикасы шикізаттық моделден қосылған құны жоғары өңдеу өндірісін дамытуға жүйелі түрде бет бұрып келеді деді ол.

    Бүгінде бұлардың ел өнеркәсібіндегі үлесі 46,7%-ға жеткен. Елде 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар аясында 90 млрд доллардан астам сомаға жобалар жүзеге асырылады. Бұл өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, жаңа кәсіпорындар құруға және тұрақты өндіріс тізбегін қалыптастыруға серпін бермек.

    Бұдан бөлек, Қазақстанда көлік-логистикалық әлеуетін дамыту және негізгі транзиттік дәліздерді жаңғырту жүргізіліп жатыр.

    Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі: — 2025 жыл қорытындысы бойынша тауар айналымы 1 млрд доллардан асты. 7 айдың нәтижесінде экспорт 35 пайыз өсті. Сапар шеңберінде агроиндустрия, өнеркәсіп, азық-түлік туралы бірнеше нақты шаралар қабылданды. 100 млн доллардан астам келісімшарттарға қол қойылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →