Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды •

    Колумбиядағы зілзала 132 адамның өмірін қиды: 570 адам жарақат алды

    Колумбиядағы зілзала 132 адамның өмірін қиды: 570 адам жарақат алды
    Фото: Gabriel Aponte/Getty Images

    Колумбияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 132 адамға жетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы CNN-ге сілтеме жасап.

    Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан кемінде 132 адам көз жұмып, тағы 570 адам түрлі жарақат алған.

    Құтқару қызметтері үйінді астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жер сілкінісінен бірқатар ғимарат қираған. Зардап шеккен нысандардың қатарында Кали қаласындағы аурухананың педиатрия және неонатология бөлімшелері де бар.

    Оқиғаға байланысты Колумбия билігі ел аумағында ұлттық деңгейдегі төтенше жағдай жариялады. Зардап шеккен өңірлерге әскери қызметкерлер жіберіліп, құтқару және жедел көмек көрсету жұмыстарына жұмылдырылды.

    Еске салайық, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын қуатты жер сілкінісі тіркелген. Бұған дейін табиғи апаттан 30 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Қазір құрбандар саны бірнеше есеге өскен

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →