Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді •

    Алматыда Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

    Алматыда Абай күніне орай ұлы ақын ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Шараға қала әкімі, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

    Алматыда Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

    Алматыда Абай күніне орай ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Ұлттық ғылым академиясы мен Жазушылар одағының өкілдері, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері, білім саласының мамандары мен жастар қатысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жиналғандар Абай рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шара соңында Қазақстанның халық артисі Болат Әбділманов «Абайдың жұмбағы» монологын орындады.

    Мереке аясында Алматыда ақынның өмірі мен шығармашылығына, рухани мұрасына арналған түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өткен сенбіде «Абай әлемі» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтіп, онда 20 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы Қазақстанның халық артисі Мақпал Жүнісова және IL Canto тобымен бірге Абай әндерін шырқады.

    Бүгін де қаланың кітапханалары мен музейлерінде, жастар комьюнити орталықтарында және басқа да мәдени алаңдарда тақырыптық шаралар жалғасуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →