Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күнімен құттықтады Дублинде ирландиялық есірткі картелінің басшысына айып тағылды «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күнімен құттықтады Дублинде ирландиялық есірткі картелінің басшысына айып тағылды

    Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді

    Ақтөбедегі жылқышы Рахат Сәрсеновтің жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі Тәжіғали Елеуов түсінік берді. Ол 150 мың теңге жалақының себебін түсіндірді.

    Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді

    Сурет: ult.kz

    Ақтөбеде қоғам назарына іліккен жылқышы Рахат Сәрсеновтің еңбек жағдайына қатысты шаруа қожалығының басшысы Тәжіғали Елеуов қайта мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кәсіпкер әлеуметтік желіде тараған пікірлерге жауап бере отырып, өз жұмысшысына төленетін 150 мың теңге жалақының мөлшерін түсіндірді.

    Тәжіғали Елеуовтің сөзінше, Рахат Сәрсеновтің жеке меншігінде 20 бас ірі қара бар. Бұл малдар шаруа қожалығының малымен бірге жайылады, ал олардың жем-шөбін қожалық толық қамтамасыз етеді.

    «150 мың айлық па деп жатыр. Оның 20 ірі қара малы бар. Олардың жем-шөбі менің мойнымда. 20 малы менің малыммен бірге жайылады. Малшының ақысын да өзім төлеймін. Бұған дейін айлығымызды көтеруді сұраған. Кейін жем-шөптің ақысын өздерің төлеңдер дедім. Олар осы айлыққа өмір сүре беретінін айтты», – деді кәсіпкер.

    Бұған дейін де Тәжіғали Елеуов Рахат Сәрсеновке қатысты жағдайға түсініктеме берген еді. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тараған ақпараттың бір бөлігі біржақты көрсетіліп, оқиғаның толық мән-жайы ескерілмеген.

    Жылқышының еңбек жағдайы, жалақысы мен жұмыс беруші тарапынан жасалған жағдай қоғам арасында қызу талқыланып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →