Hyundai Elantra сегізінші буыны бірінші күні-ақ рекорд жасады
Hyundai Elantra сегізінші буыны бірінші күні 11 мыңнан астам тапсырыс жинап, бренд рекордын жаңартты. Ең танымал нұсқа – Inspiration, гибридті нұсқаға сұраныс артты.
Сурет: kz.kursiv.media
Hyundai Elantra сегізінші буыны сұранысқа ие болып, тапсырыс қабылдаудың алғашқы күнінде бренд тарихындағы рекордты жаңартты. Оңтүстік Кореяда бір тәулік ішінде жаңа седанға 11 мыңнан астам келісімшарт жасалды – бұл модель тарихындағы ең үздік нәтиже, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Бұған дейінгі рекорд жетінші буын Elantra-ға тиесілі еді. 2020 жылдың көктемінде ол алғашқы тәулікте 10 мыңнан астам тапсырыс жинаған. Жаңа модель кроссоверлер мен электромобильдердің танымалдығы артып жатқанына қарамастан, бұл көрсеткішті мыңнан астам автокөлікке арттырды.
Қазақстан үшін де бұл жаңалық маңызды. «Элантра» марканың ең танымал модельдерінің бірі болып қала береді және қазір ресми түрде 8,9 млн теңгеден бастап ұсынылуда.
Hyundai мәліметіне сәйкес, ең танымал нұсқа максималды Inspiration жиынтығы болды. Барлық тапсырыстың 52 пайызы осыған тиесілі. Тағы 24 пайыздан сатып алушылар Premium және Modern нұсқаларын таңдаған.

Сонымен қатар, базалық жиынтық алдыңғы буынға қарағанда айтарлықтай сұранысқа ие болды. Сарапшылар мұны Hyundai компаниясының стандартты жабдықтар тізімін айтарлықтай кеңейткенімен байланыстырады.
Тағы бір қызықты үрдіс күш қондырғыларына қатысты. Гибридті «Элантраға» барлық тапсырыстың 27,5 пайызы тиесілі болса, алдыңғы буында бұл көрсеткіш 14,8 пайыз еді.
Бұдан басқа, жаңа буын Pleos Connect мультимедиялық платформасын, сымсыз OTA-жаңартуларды қолдауды және кірістірілген қосымшалар дүкенін алды.
Бұған дейін Курсив Авто Hyundai компаниясы Santa Fe сыртқы келбетін иелерінің сынынан кейін түбегейлі өзгертетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ дизайнерлер жаңа Hyundai Kona буынының қандай болатынын көрсетті.
