Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Көңілімде жүрген адам бар»: Танымал актер қашан үйленетінін айтты Алматыда жүлде қоры 10,5 млн теңге болатын республикалық суретшілер байқауы жарияланды Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді Білім гранты иегерлерінің тізімі жария болды BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды? Жоқ жылуға ақша өндіру: Ақтау тұрғыны заңсыз төлем талап еткендерге наразылық білдірді «Көңілімде жүрген адам бар»: Танымал актер қашан үйленетінін айтты Алматыда жүлде қоры 10,5 млн теңге болатын республикалық суретшілер байқауы жарияланды Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді Білім гранты иегерлерінің тізімі жария болды BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды? Жоқ жылуға ақша өндіру: Ақтау тұрғыны заңсыз төлем талап еткендерге наразылық білдірді

    Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді

    Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етті. Одақ төрағасы болып Shymbulak бас директоры Ринат Абдрахманов сайланды. Саммит Өзбекстанда өтті.

    Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді

    Қазақстан алдағы екі жылға Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық ететін болды. Бұл шешім Өзбекстандағы Amirsoy тау шаңғы курортында өткен Одақтың екінші саммитінде қабылданды. Одақ төрағасы болып Shymbulak тау курортының бас директоры Ринат Абдрахманов сайланды. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Одақ жарғысына сәйкес, төрағалық ресми түрде Әзербайжаннан Қазақстанға өтті. Ринат Абдрахманов бұл мәртебе зор жауапкершілік екенін атап өтіп, әріптестеріне алғыс білдірді. Ол бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, курорттар арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердегі тау туризмін дамытуға сенім білдірді.

    Саммит «Шыңдардан өркендеуге: түркі мемлекеттеріндегі тау және тау шаңғы курорттарын бірлесіп дамыту және оларды жаһандық туризм жүйесіне интеграциялау» тақырыбына арналды. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркияның тау курорттарының басшылары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Қатысушылар курорттар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен туристік өнімдер жасау, жазғы тау туризмін ілгерілету, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект енгізу, кадрлар даярлау және климат өзгерісіне бейімделу мәселелерін талқылады.

    Қазіргі уақытта Одақ құрамында Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркиядағы тоғыз тау және тау шаңғы курорты бар. Ұйым 2024 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен құрылған. Оның басты мақсаты – мүше елдердің курорттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және түркі өңірін тау мен қысқы туризмнің біртұтас халықаралық бағыты ретінде таныту.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →