Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты • ТМҰ саммитінде түркі әлемінің концерті өтті • Омбыда қазақстандық машинист заңсыз мигрант үшін 2 жыл 5 айға сотталды • Алматы метросында бір күнде екі күдікті зат табылды • Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді • Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты • ТМҰ саммитінде түркі әлемінің концерті өтті • Омбыда қазақстандық машинист заңсыз мигрант үшін 2 жыл 5 айға сотталды • Алматы метросында бір күнде екі күдікті зат табылды • Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді •

    Түркістан облысында тойда сөз сөйлеген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Түркістан облысында тойда сөз сөйлеген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Фото: видеодан скриншот

    Жетісайдағы тойда түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғады. Видеода Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдеме жасағаны айтылған.

    Қазақстан Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап, әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында полиция қызметкерлері Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының жария сөздері жазылған бейнежазбаны анықтағанын хабарлады.

    «Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», – делінген ІІМ хабарламасында.

    Ведомство Қазақстан Конституциясы әрбір азаматқа жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан тең құқық пен бостандыққа кепілдік беретінін еске салды.

    «Адамның ар-намысын қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді. ІІМ сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтеді. Заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық тұрғыдан қағидатты баға беріледі», – деп мәлімдеді министрлік.

    Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Жетісайдағы тойда түсірілген видео кеңінен тараған болатын. Онда қалыңдықтың туысы музыкаға, өнер адамдарына және ерлер мен әйелдердің тойда бірге отыруына қатысты жағымсыз пікір білдірген.

    «Біріншіден, музыкадан арылу керек. Екіншіден, ерлер мен әйелдер бөлек отыруы тиіс. Әншілер маған ренжімесін. Егер тойлар өнерпаздарсыз өтсе, олар жұлдыз болудан қалып, танымалдылығынан айырылады. Шариғатта оларды «шайтанның жаршылары» деп атайды», – деген ол.

    Бұл сөздер әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →