Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда

    Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді

    Баян Алагөзова жиені Аша Матайдың депутаттық сайлауға түсуіне қатысы жоқ екенін айтып, оған бағытталған сынға жауап берді. Продюсердің пікірінше, өнер адамдары да лайықты кандидат бола алады.

    Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді

    Сурет: sn.kz

    Продюсер Баян Алагөзова жиені Аша Матайдың депутаттық сайлауға түсуіне өзінің қатысы жоқ екенін айтып, оған бағытталған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    “Жиенім Аша Матайдың саяси сайлауға түсуіне пенің еш қатысым жоқ. Ол барлық қазіргі жетістіктеріне өз күшімен жетті. Егер адам осының бәріне өз саласында өз күшімен жетістікке жетсе, неге ол лайықты депутаттыққа лайықты кандидат бола алмайды? Неге елдің бәрі барлық өнер адамдарын, әншілерді ең соңғы оныншы орынға қойып қойған? Неге олар депутат бола алмайды? Хейтерлердің сөзінше яғни әртістерден басқасының барлығы депутат бола алады. Оларға заңды оқудың керегі жоқ, олардан бюджет қалай бөлінетінін сұраудың қажеті жоқ. Неге дәл шоу-бизнес өкілдерінің пікірі маңызды екенін білесіздер ме? Себебі олар танымал, олар халықтың махаббатына бөленген, олар тіл біледі, сауатты сөйлей алады. Мен көп адамға бұның ұнамайтынын білемін. Аша қазір ересек әйел, екі баланың анасы. Бірақ қазір оған өте ауыр және қиын. Ол бүкіл хейтке жалғыз өзі қарсы тұрып жатыр. Ол өз халқын, дәстүрін, тілін сүйеді. Оның ішінде мықтылық бар”, — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →