Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 474,2 546,9 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Тамада Сабыржан Түзелбаев той үстінде вейп тартып, желіні дүрліктірді

    Сабыржан Түзелбаевтың той үстінде вейп тартып, жас жұбайлардың үстеліне отырған видеосы әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды. Бұл оның алғашқы жанжалы емес.

    Тамада Сабыржан Түзелбаев той үстінде вейп тартып, желіні дүрліктірді

    Сурет: sn.kz

    Әлеуметтік желіде тараған видео желі қолданушыларының ашуын тудырды. Бұл жолы асаба Сабыржан Түзелбаевтың той үстіндегі орынсыз қылығы сынға ұшырады. Оның жас жұбайлардың үстеліне жайғасып, электронды темекі шеккені кадрға түсіп қалған. Мұндай әрекет салтанатты шараның берекесін кетіргені айтылуда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Тараған кадрларда тамаданың жұбайлардың үстелінде отырып, вейп тартқаны анық көрінеді. Тойдың сәнін келтірудің орнына, ол жиналғандарға ыңғайсыздық туғызған. Желі қолданушылары бұл әрекетті мәдениетсіздік деп бағалап, ашулы пікірлерін білдіруде. Айта кетейік, бұл Сабыржан Түзелбаевқа қатысты алғашқы дау емес. Ол бұрын да әдепсіз әзілдері мен шектен шыққан қылықтарымен көпшіліктің наразылығын тудырған. Алайда осы жолғы әрекеті жұрттың шыдамын тауысқандай. Қазір желіде оның жауапкершілікке тартылуын талап ететіндер көбейген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →